«Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға – қатысу үлесі 51%;
Champion Technologies Limited, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға – қатысу үлесі 49%.
Қазіргі уақытта өндірістік базалардағы аумақтарды жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде:
Атырау облысының Қарабатан станциясының жанында, базаның жалпы ауданы 5 га құрайды, құрылыс-монтаждау жұмыстары ашық алаңды дайындауды және химиялық өнімдерді сақтауға арналған қоймаларды салуды қамтиды;
Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат көлемі 10х12м, биіктігі 3м;
Көлемі 18х30 м, биіктігі 8 м қойма ғимараты, «Сэндвич» типті панельдерден жасалған кеңістіктік қоршау құрылымдары бар құрастырмалы модульдік ғимарат;
Модульдік қазандық;
Көлемі 12х2,4м контейнерлік типті БӨП ғимараты;
Көлемі 6х2,4м сорғылық өрт сөндіру ғимараты;
Өртке қарсы су қорын сақтауға арналған резервуарлар V=100 м³;
Жылыту станциясы (химиялық реагенттердің түгендеу танк-контейнерлерін жылумен қамтамасыз етуге арналған);
Танк-контейнерлер мен резервуарларды орналастыруға арналған бетонмен қоршалған көлемі 50х24м ашық бетон платформасы;
Ыдыстарды уақытша сақтауға арналған көлемі 20х20м ашық қиыршық тас платформасы.
«АГС — Чемпион» ЖШС қызметінің негізгі түрлері мен бағыттары болып табылады
Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу секторларына арналған арнайы және жалпы химикаттарды өткізу және онымен байланысты қызметтер;
Алаңдағы өндірістік операцияларды қолдау бойынша персоналдың қызметтерін ұсыну;
«Болашақ» зауытында мұнай мен газ сынамаларын алу бойынша қызметтер.
Бұл тауарлар мен қызметтердің негізгі тұтынушылары мұнай және газ кен орындары болып табылады. 2012 жылдың 1 қарашасынан бастап «АГС Чемпион» ЖШС НКОК компаниясына UI19283 «Өндірістік химикаттарды жеткізу және онымен байланысты қызметтер» келісімшарты бойынша қызмет көрсетеді, қолданылу мерзімі 2019 жылдың 30 қазанына дейін
«АГС – Тұз шығару» ЖШС
«АГС – Тұз шығару» ЖШС құрылтайшысы – 100% үлестік қатысуымен «Ақсайгазсервис» АҚ болып табылады. Қызметтің бұл түрі бойынша жұмыстар Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны үшін хлориднатрий (каустикалық) ерітіндіні дайындау, сақтау және беру үшін жүргізіледі.
«АГС – Темір жолы» ЖШС
«АГС Темір жолы» ЖШС құрылтайшысы – 100% үлестік қатысуымен «Ақсайгазсервис» АҚ болып табылады. Негізгі қызмет түрі – теміржол вагондары мен цистерналарын жылжыту үшін теміржол кірме жолдары мен тұйықтарды ұсыну болып табылады. Теміржол кірме жолдары мен тұйықтардың жалпы ұзындығы 7567 метрді құрайды және 120 вагонды бір уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Құрметті жұмыс іздеуші!
Командада жұмыс істей білу, позитивті ойлау, белсенді өмірлік ұстанымы мен жоғарыөзіндік тәртіп — бұл «Ақсайгазсервис» АҚ компаниясында жұмыс істегісі келетін үміткерлерде болуы керек қасиеттер. Білікті кадрларды тарту үшін кадрларды таңдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. «Ақсайгазсервис» АҚ рекрутинг рәсімінің ашық, әділ және объективті болуына ұмтылады. Компанияда корпоративтік орталықтың бос жұмыс орындарына арналған жұмыс іздеушілердің түйіндемелерінің электрондық базасы қалыптастырылады.