• RU
  • EN
  • KZ
  • Эко орталықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету учаскесі

    Осы учаске өз дамуын 2012 жылы бастады және қазіргі сәтте Эко орталықта жоғары технологиялық келісімшарттарды орындайтын үш бөлімшені қамтиды. Жалпы мақсаттағы пешті, қалдықтар сегрегациясы объектісін пайдалану және техникалық қызмет көрсету учаскесі. 2012 жылдың наурыз айында «Ақсайгазсервис» АҚ Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнының Қалдықтарды кәдеге жарату кешені аумағында «Жалпы мақсаттағы пеш» объектісін салу бойынша жұмыстарды табысты аяқтады.

    Объект Мемлекеттік комиссияға тапсырылды және пайдалануға енгізілді. Объект 2003 жылы жобалау және құрылыстың алдыңғы сатысында тоқтап қалғанын атап өту керек. 2009 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында «Ақсайгазсервис» АҚ жалғыз көз шарттарында жұмыстардың келесі түрлерін орындад.

    Жобалау:

    • Ғимараттың шатырын орнату.
    • Объектінің аумағын абаттандыру.
    • Сыртқы инженерлік тораптар.
    • Өрт және газ сигнализациясы жүйесі.
    • Өрт сөндіру жүйесі.
    • Газбен қамту жүйесі.
    • Электрмен қамту және БӨАжА жүйесі.
    • Оператор бөлмесін орнату, шаруашылық-ауыз су және өрт-техникалық сумен қамту
    • Сумен қамтамасыз ету.
    • Резервуарларды сақтауға арналған бөлменің мақсатын өзгерту.

    Құрылыс:

    • Жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алу,
    • Жинақтаушы материалдарды және қосалқы бөлшектерді сатып алу.
    • Жабдықты және инженерлік тораптарды салу, монтаждау.
    • ЖМП автоматты басқару жүйесінің конфигурациясы.
    • Барлық жүйелер мен жабдықтарды іске қосу-баптау жұмыстары.

    Жалпы мақсаттағы пеш күрделі жоғары технологиялық объект болып табылады, оны пайдалану жоғары білікті персоналдың және тиісті тәжірибенің болуын талап етеді. Бүгінгі таңда «Ақсайгазсервис» АҚ КПО б.в. компаниясына Жалпы мақсаттағы пешті және қалдықтар сегрегациясы объектісін пайдалану және техникалық қызмет көрсету қызметтерін табысты көрсетіп отыр.

    Персонал: ТБ жөніндегі суперинтендант, НҚ үйлестірушісі, Техникалық қызмет көрсетудің қосалқы бөлшектерін жоспарлау маманы, Механикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету тобының басшысы, Электр жабдығына техникалық қызмет көрсету тобының басшысы, БӨАжА техникалық қызмет көрсету тобының басшысы, механик слесарьлар, қазандық шеберлері, қазандық операторлары, электриктер, слесарь-электриктер, ОВКВ инженерлері, БӨАжА слесарьлары, БӨАжА инженерлері.

    Эко орталықтың ТҚО тиісті білікті, тәжірибелі және құзыретті персоналдан тұрады және қазандарды тексеру, сынау, куәландыру, пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетуді орындауға арналған жабдықтармен, құралдармен, бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталған, газ шаруашылығы, сақиналық өрт магистральдары, өрт гидранттары және ысырмалары, ҚМГКК-тегі ауыз су және техникалық су құбырлары бар. Эко орталықтағы шламды термомеханикалық тазалау қондырғысын пайдалану және техникалық қызмет көрсету учаскесі. Бұл участок 2014 жылы шламды термомеханикалық тазалау қондырғысын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшартты орындау үшін құрылған, бұрын осы келісімшарт Халлибуртон Интернэшнл, Инк.» шетелдік компаниясында болған. ШТҚУ мұнай ұңғымаларын бұрғылау барысында алынатын шламды термомеханикалық тазалауды орындауға арналған.

    Осы учаскенің қызметі ШТҚУ үздіксіз тәулік бойы жұмысын қамтамасыз ету болып табылады, атап айтқанда:

    • Бұрғылау алаңдарынан құрамында мұнай бар шламды шығару,
    • Құрамында мұнай бар шламды Эко орталықта арнайы чектерде орналастыру,
    • Шламнан және құрамында мұнай бар сұйықтықтан қажетті, консистенциядағы ерітіндіні дайындау
    • ⦁ ШТҚУ-ға ерітіндіні жүктеу, шламды тазалау процесінің барлық сатыларында бақылауды қамтамасыз ету, тазартылған шламды мұнай құрамына тексеру,
    • ⦁ Тазартылған шламды тиеу және тұрақты көму үшін шығару.

    Ұңғымаларды бұрғылау процесінде ШТҚУ-дің үздіксіз жұмысының рөлі көп – бұл қондырғысыз Қарашығанақ кен орнындағы бұрғылау процесі тоқтап қалады. ШТҚУ пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстарды жоғары білікті жергілікті персонал орындайды: суперинтенданттар, ШТҚУ операторлары, экскаваторлар мен арнайы машиналардың операторлары. Участок жаңа замануи арнайы техникамен: Liebherr экскаваторларымен және Scania бункер тасығыштарымен қамтамасыз етілген. Осы учаскенің дұрыс жұмысына тек жаңа ұңғымаларды бұрғылау процесі ғана емес, сонымен қатар ҚМГКК-дегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де байланысты.